№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету кестесі | ![]() |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің 2024 жылға арналған жоспары | ![]() |
Прокоп А.В. «2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы», Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Люблин орта мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Люблин жалпы білім беретін мектебі» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2023 жылдың 12 айында ИС «SAKURA», ИС «INDIGO» жүйелері арқылы 94 мемлекеттік қызмет көрсетілді: мектептер арасында ауыстыру - 23, 1, 10-сыныптарға құжаттарды қабылдау - 24, мектеп алды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау - 12, оқушыларды тасымалдау саны - 24, мектепке дейінгі тәрбие бағыты - 11.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 12 айда- 60 адамды қамтыған 8 түсіндіру іс-шарасы жүргізілді.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты заң бұзушылықтар анықталмады, ешкім тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны 1 адамды құрайды (іс жүргізуші Франк Н.И.).
Ай сайын ата-аналар арасында білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу мүмкіндігі, оның ішінде құжаттарды қабылдау мерзімдері, олардың Ережелерде көзделген тізбесі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыру арқылы кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,әсіресе Instagram парақшасында.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін білім беру ұйымы бейімделді. Мұнда пандус, қызмет көрсету аймақтары, қоңырау шалу түймесі, Брайль жазулары, автотұрақ бар.
Мектеп көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түсірмеген.